23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Атырау ққаласындағы Достық үйінде өзін-өзі ілгерілету, өзіндік маркетингтік стратегия және өзін таныту бойынша «PRодвигай себя» тақырыбындағы тренинг өтуде.
Оған «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары, «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының өкілдері, «Жарасым» республикалық жастар ұйымының белсенділері, жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері, блогерлер, этномәдени бірлестіктердің жастар қанаттарының көшбасшылары және басқа да белсенді жастар қатысуда.
Кездесу TEDx форматында өтуде. Спикерлер ашық алаңшада орналасқан аудитория алдында мінберсіз сөз сөйлейді. Іс-шараға «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары, Көкшетау гуманитарлық-техникалық лицейінің директоры Наталья Дементьева және басқа да бірқатар жоба жеңімпаздары өз жетістіктерімен бөлуде.
Тренинг жастардың бойында заманауи технологияларды пайдалана отырып өзін-өзі ілгерілету және танымалдық деңгейін арттыру бойынша нақты дағдыларды дамыту және «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының қатысушылары мен жас көшбасшыларды насихаттау мақсатында өткізіліп отыр.
Модератор – «Жаңғыру жолы» РЖҚ Төрағасының орынбасары, «Жарасым» Республикалық жастар ұйымының Төрағасы Тимур Жұмырбаев.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік