Кеше, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?12 мамыр – Аналар күні қарсаңында әйелдердің қоғамдағы белсенділігін арттыру мақсатында Атырау қаласында жұмыссыз жас аналарға арналған тегін тігін курсы бастау алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, әлеуметтік жоба 18-35 жас аралығындағы 20 келіншекті қамтып отыр.
Жастар ресурстық орталығының ұйымдастырушы маманы Лаура Талапова әлеуметтік жобаның жас аналардың шығармашылық қабілетін дамытып, өз кәсібін құруға мүмкіндік береді деп отыр.
Жобаның ерекшелігі – қатысушыларға қолайлы жағдайдың барынша жасалуы. 10 күнге жалғасатын сабаққа 100-ден аса өтінім түсіп, іріктеу нәтижесінде 20 жас ана таңдалды,-деді ол.
Курс барысында қатысушылар дәстүрлі және заманауи үлгідегі сәукеле, көйлек және жакет тігіп үйренеді. Бұл арқылы олар өз қабілеттерін дамытып, шығармашылық әлеуетін жаңа деңгейге көтермек.
Мен декреттік демалыстағы, екі қыздың анасымын. Бала күнімнен бері армандап келген ісімді қолға алуға осындай мүмкіндік сыйлаған Жастар ресурстық орталығына алғысым шексіз. Бүгін – курстың алғашқы күні. Пішу, сызба үлгілерін алуды үйреніп жатырмыз. Қазірдің өзінде көп нәрсе үйреніп, үлкен шабыт алып отырмын,- дейді қатысушы Мөлдір Сапанова.
Қорытынды байқауда қатысушылар өз қолдарымен тіккен бұйымдарын ұсынып, өнерлерін сарапқа салады.
Кеше, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?14 Шілде, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд