Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАтырау әуежайында ер адам қол жүгінде жарылғыш зат бар деп мәлімдеген, бірақ тексеріс нәтижесінде ақпарат расталмады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жолаушыларды эвакуацияланған сәт түсірілген видео жергілікті БАҚ-та жарияланды. Аталған жайтты көліктегі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Оқиға 8 қараша күні болған.
Атырау қаласының әуежайында «Атырау - Алматы» бағыты бойынша рейске тіркелу кезінде ер адам қол жүгінде жарылғыш зат бар екенін айтып, жалған ақпарат таратқан. Аталған дерек бойынша көліктегі полиция департаменті Қылмыстық кодексінің 273-бабы («Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау») бойынша қылмыстық іс қозғады. Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайды, - делінген ресми түсініктемеде.
Сонымен қатар оқиғадан зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ екені және әуежай жұмысы қалыпты режимде жалғасып жатқаны нақтыланды.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек