30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАтырау облысының Махамбет ауылында №11 өрт сөндіру бөлімінің жаңа ғимараты ашылды. Жайық өзенінің жағасында орналасқан нысан авариялық-құтқару және іздестіру-құтқару жұмыстарының кең көлемде орындауға арналған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Нысанның ашылу салтанатына Төтенше жағдайлар министірі Шыңғыс Әрінов пен облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев қатысты.
Атырау облысында 7 аудан бар болса, 2-3 күн ішінде төртеуіне барып үлгердік. Бұл аудандарда заманауи, жаңа ғимараттар ашылып жатыр. Мұның бәрі — мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында, салалық министрліктер мен жергілікті әкімдікпен бірлесіп жүзеге асып жатқан жүйелі жұмыстардың нәтижесі.
Біз үшін ең бастысы — адамның өмірі мен әл-ауқаты. Сондықтан осы бағыттағы жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастырып, жоспарлы түрде іске асыратын боламыз,- деді облыс әкімнің орынбасары Қайрат Нұртаев.
Жергілікті бюджет есебінен салынған нысанға мердігер болған — «DMISTRAL» ЖШС. Ғимаратта жұмыс бөлмелері, техникалық жабдықтарға арналған кабинеттер, оқу сыныбы, фитнес залы, медициналық бөлме, психолог кабинеті, жөндеу блогы, ашық футбол алаңы бар. Сондай-ақ құтқарушыларға қызыл жалынды сөндіруге арналған алты жаңа автокөлік берілді.
Өрт сөндіру бөлімінің басты ерекшелігі – жеке құрамның барлық жағдайы жан-жақты қарастырылған. Сонымен қатар техникалардың тұрағы да қажетті құрал-жабдықтармен толық жабдықталған. Техниканы жөндеу, бақылау және қадағалау жұмыстары да жүйелі түрде ұйымдастырылды. Бұл жұмыстың барлығы, ең алдымен, Махамбет ауданы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ облыс көлемінде өрттің алдын алу және халықты қорғауға бағытталған,- деді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Рәтбек Демеуберген.
Шара соңында қатысушылар өрт сөндіру бөлімінің аумағына ағаш отырғызды.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды