Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАтырауда жаңа әуежай салынады. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Заманауи талаптарға сай келетін жаңа терминал салуды жоспарлап отырмыз. Атырауда жолаушылар ағыны мол. Сондықтан, қолданыстағы терминал бүгінгі күннің талабына жауап бере алмайды, - деді облыс басшысы Орталық коммункациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта инвесторлармен келіссөз жүргізіліп жатыр.
Бүгінде терминал құрылысына қатысты инвесторлармен келіссөз жүргізіліп жатыр. Ол 3 млн жолаушы легіне есептелінеді. Сонымен қатар, жұмыс істеп тұрған терминал тек мемлекеттік емес, ол жерде түрік инвесторы да бар екендігін атап өткім келеді. Сондықтан, кейбір мәселені бірлесіп шешуіміз қажет. Сол себепті, келіссөз процесі біршама созылады. Ол аяқталғаннан кейін хабарлаймыз, - деді Серік Шәпкенов.
Өңір басшысы терминал салынатын жер учаскесі белгілі екендігін атап өтті.
Мұнан ары келіссөздерге қарай жұмыс істейміз. Құрылыс жұмысының басталуы келіссөздердің аяқталуына байланысты. Біз де оның тезірек болғанына мүдделіміз, - деді облыс әкімі.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары