Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАтырауда заңсыз айналымнан 6,7 млн теңгенің темекі өнімдері алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, 16 тамызда заңсыз айналымнан темекі өнімдері алынған.
Атырау облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлерімен бірге Атырау қаласындағы қоймалар мен дүкеннің біріне тексеру жүргізілді. Тексеру барысында электрондық темекі, вейп-құрылғылар және оларға сұйықтық түріндегі 2,5 мыңнан астам заңсыз темекі бұйымдары анықталды. Заңсыз айналымнан алынған темекі өнімінің нарықтық құны шамамен 6,7 млн теңгені құрайды. Осылайша, сәйкестендіру құралдарымен таңбалануға жататын акцизделетін өнімнің заңсыз айналымының жолы кесілді, -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Аталған дерекке қатысты іс материалдары экономикалық тергеу департаментіне жіберілген.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?