22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды9-мамыр — Жеңіс күніне орай Ұлы отан соғысының және еңбек ардагерлеріне әлеуметтік көмек көрсетілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Айта кетсек, жеңіске үлес қосқан 13 тыл ардагеріне 100 мың теңге, ал Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестіріліп, екінші рет некеге тұрмаған 29 жұбайына 60 мың теңгеден бір жолғы көмек берілді. Сондай-ақ екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерь тұтқыны санатына жататын бір адамға 1 000 000 теңге қолдау көрсетілді.
1941-1945 жылдары аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген және Ұлы Отан соғысы кезінде тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған 711 тыл ардагеріне 50 000 теңгеден біржолғы ақшалай көмек берілді.
Бұдан бөлек еліміздің «Ардагерлер туралы» заңына сәйкес, Ауған соғысы қатысушылары, Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан 165 ардагерге 150 000 теңгеден төленді.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев