Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҰлттық ұланның 5546 әскери бөлімінде жаңа оқу кезеңінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы Бекайдар Қазкеев пен бөлім ардагерлері қатысты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, жиын барысында атқыштар ротасының командирі Дәурен Қожатайға ту көтеру құрметі табысталды. Кейін әскери бөлімнің жеке құрамы мемлекеттік-құқықтық дайындық сабағына кірісті. Онда жеке құрамға ҚР Президенті мен Ішкі істер министрінің тапсырмалары егжей-тегжейлі жеткізіліп, әскери бөлім оқу нүктелеріне бөлініп, қызмет барысындағы қауіпсіздік шараларымен таныстырылды. Сондай-ақ әскери бөлім оқу нүктелеріне жіктеліп, қауіпсіздік шаралары таныстырылылды. Әрі қарай қызметтік іс-қимыл бойынша арнайы жаттығулар жүргізілді.
Бір күндік оқу-жаттығуға 300-ге жуық сарбаз қатысып, тактикалық дайындық пен ату жаттығулары бойынша білімдерін жетілдірді. Жаңа оқу кезеңі әскери тәртіпті нығайтып, сарбаздардың кәсіби дайындығын арттыруды көздейді.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары