Бүгiн, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?Атырауда «Довира» украин этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен ұлы ақын, жазушы және суретші Тарас Шевченконың туғанына 205 жыл толуына орай мемориалдық тақтаға гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Шараны ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, Атырау қаласында 2009 жылы Тарас Шевченкоға мемориалдық тақта орнатылған болатын. Осы жерде украин этномәдени бірлестігінің кеңес мүшелері Роман Оливко, Виктория Чигрина және этномәдени бірлестіктердің төрағалары ұлы ақынды еске алып, украин этномәдени бірлестігі Жастар қанатының белсенді мүшелері ақынның шығармаларынан үзінді оқыды.
Одан кейін украин этномәдение орталығы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында «Масленица» мерекесіне орай қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Бірлестік мүшелері кішкентай бүлдіршіндерге сыйлықтар сыйлап, азық-түлікпен қамтамасыз етіп, мерекелік концерт тарту етті.
Ал 10 наурыз күні украин орталығы Қарттар үйінде «Здравствуй, Масленица!» қайырымдылық концертін өткізді.
Шара барысында «Тропикана», «Харизма» би студиясы, «Хуторянка» вокалдық студиясы мен бірлестік мүшелері қарттарға мерекелік бағдарлама ұсынып, Масленица мерекесіне арнап пісірілген құймақтардан дәм татты.
Бүгiн, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?Кеше, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд