Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАтырауда жарақат алған 3 жасар қыздың ата-анасы балабақша төлемақысынан босатылды. Ал, сәби балабақшаға қайта оралады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 26 маусымда Атырау қаласының іргесіндегі Водниов ауылындағы балабақшада болған. Үш жасар Әсияның әкесі Ержан Тәженовтің айтуынша, қызын облыстық балалар ауруханасына балабақша қызметкерлері апарған.
«Нартайлақ» жекеменшік балабақшасының директоры Әния Төлешова сол күні басқа қалада болған. Оның айтуынша, балабақша 2013 жылы ашылған. Қазір онда 2-6 жас аралығында 124 бала бар.
Мен еңбек демалысына шығып, Атырауда болмаған едім. Үш жасар қыздың жарақат алғанын естіп, оқиғаның мән-жайын білу үшін келдім. Ата-анасымен кездестік. Жарақат алған балақайдың еміне қажетті шығынын өтеп береміз, - деп мәлім етті Әния Төлешова.
Саусағынан жарақат алып, тырнағы жұлынған 3 жасар Әсияның әкесі Ержан Тәженов балабақша басшыларымен келісімге келген.
Балабақша директоры үйге келді. Ол оқиға болған күні Атырауда емес, өзге қалада болғанын айтты. Басқа қаладан келгенін дәлелдейтін билетін көрсетті. Біз өзара келісімге келдік. Енді балабақша басшыларына ешқандай талап қоймаймын. Қызым балабақшаға барғысы келіп жүр. Жарақаты жазылған соң қайта барады, - деді Ержан Тәженов.
«Нартайлақ» балабақшасының басшылары жарақат алған қыздың ата-анасын ай сайынғы төлемақыдан босатып отыр. Тек күнделікті берілетін тамақтың қаржысын төлейді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?