23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Атырауда жеке үйлердің біріндегі газ дүмпуі болып, өрт шықты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Апаттан зардап шеккен екі адамның денесінің 95%-ын күйік шалған, олар ауруханада көз жұмды. Тағы бір ересек пен екі бала жансақтау бөлімінде жатыр. Балалардағы күйіктің мөлшері — 80 пайыз шамасында. Баланың бірі — төрт айлық. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қалған зардап шеккендердің де жағдайы әлі ауыр. Оларға қажетті барлық ем-дом көрсетілуде.
Айта кетейік, Атыраудағы Көкарна ауылындағы тұрғын үйлердің бірінде газ-ауа қоспасының дүмпуі болып, салдарынан үйдің қабырғасы жартылай қирап, өрт шыққан еді. Куәгерлердің айтуынша, оқиғаға отшашу себеп болған.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік