Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАтыраудағы Теннис орталығында тегін үйірмеге қатысатын балалардың саны 200-ге жетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұған дейін тегін шұғылданушылар саны 110 болса, қазір ақылы уақытты азайту арқылы тағы 90 бала осындай сәтке ие болды.
Бүгінгі таңда біздің жаттықтырушылар құрамында халықаралық деңгейдегі тәжірибелі мамандар бар. Бұл балалардың техникасы мен тактикасын кәсіби деңгейде дамытуға үлкен серпін береді. Қазірде орталықта жас ерекшеліктеріне қарай бөлінген топтарда балалар тегін және ақылы негізде жаттығуда. Оқыту процесіне 7 кәсіби жаттықтырушы тартылған. Олардың ішінде Беларусь пен Өзбекстаннан арнайы шақырылған 2 жаттықтырушы, сондай-ақ 1 инструктор маман жұмыс істейді, - деді орталық жаттықтырушысы Бибіханым Калидуллақызы.
Орталықтың жас инструктор маманы Дамир Уалиден, тегін үйірме көпбалалы немесе мүмкіндігі шектеулі отбасылардан шыққан балаларға үлкен мүмкіндік беретінін жеткізді.
Теннис орталығына алғаш рет 2019 жылы келдім. Содан бері осы спорт түрімен тұрақты түрде айналысып келемін. Тенниспен шұғылданғаныма 6 жыл болды. Бұған дейін облыстық құрамда жаттығып, халықаралық және республикалық турнирлерге қатыстым. Қазір инструктор ретінде балаларға осы жолды көрсетіп, өз тәжірибеммен бөлісіп келемін. Тегін үйірмеге келетін балалар санының көбеюі – өте дұрыс қадам. Біз үшін ең бастысы – олардың қызығушылығын оятып, дамуына қолдау көрсету, - деді ол.
Орталық балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту бағытындағы жұмыстарды алдағы уақытта жалғастыра бермек.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?