2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрАтырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастыруымен Наурызнама онкүндігінің 23 наурыз — Тазару күніне және “Таза Қазақстан” жалпыұлттық бағдарламасына орай қала тұрғындары, мекеме қызметкерлері мен еріктілердің қатысуымен «Таза жағалау» тазалық жұмыстары өткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың қала тазалығына атсалысуы, экологиялық мәдениет пен сауаттылықты арттыру, сондай-ақ Жайық өзенінің жағалауында тазалық жұмыстарын жүргізу.
Бұл тазалық күні өз қаламыздың тазалығына үлес қосайық деген ниетпенен осы акциямызды барлығы да бірауыздан қолдап, қатысып жатыр. Екі жерде, екі нүктеде де тазалық жұмыстары жүргізілуде. Біріншісі осы қазір “Атырау” ықшам ауданындағы көпірдің жағалауы болса, екіншісі “Алама” базарының маңайында, - деді ұйымдастырушы Мейрамгүл Есниязова
Тазалық іс-шарасына 500-ден астам адам қатысты. Барлығына арнайы құрал-жабдықтар үлестіріліп, жағалауды тазарту жұмыстары белсенді түрде жүзеге асты.
Жыл сайын өтетін акцияға 100-150 мекеме мен көптеген волонтер қатысады. Бұл да бір қоғамға көмектесіп, әлеуметтік жауапкершілікті сезінудің белгісі. Мен күміс волонтер ретінде осы акцияға жыл сайын қатысып, өз үлесімді қосуға тырысамын, - деді қатысушы Асия Кульжанова
Наурызнама онкүндігі аясында өткізілген бұл іс-шара экологиялық мәдениетті насихаттау мен қоғамның экологиялық жауапкершілігін күшейтуге бағытталған. Қатысушыларға табиғатты қорғаудың маңыздылығын түсіндіру және жастар арасында экологиялық білім мен мәдениетті дамыту мақсатында арнайы ақпараттық іс-шаралар ұйымдастырылды.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова