Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАтырау облысында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінім қабылдау басталды. Биылғы грант саны өткен жылмен салыстырғанда 80%-ға көбейді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы Атырау қаласының Жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары Еркебұлан Мутигуллин Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты. Спикердің мәліметінше, биылғы грант жобасы ғылым, мәдениет, ақпараттық технологиялар, бизнес, медиа және волонтерлік бағыттары бойынша жүзегғ асады. Әр сала бойынша үш жобадан іріктеліп, жалпы 18 жеңімпаз анықталады. Олардың әрқайсысына 1 миллион теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетілмек.
Жоба жастардың шығармашылық әлеуетін арттыруға және әлеуметтік бастамаларды қолдауға бағытталған. Бұл – жастардың тек идея ұсынумен шектелмей, оны нақты іске асыруына берілген мүмкіндік. Биыл біз өтінім берушілердің санын 400-ге жеткізуді көздеп отырмыз. Бұл — өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда екі есе көп, – деді орталық басшысының орынбасары.
Еске салсақ, 2024 жылы грант бес бағытта беріліп, 139 өтінімнің ішінен техникалық іріктеуден 94-і өтті. Соңында 10 үздік жоба бір миллион теңгелік грантқа ие болды. Олардың ішінде экология, цифрлық білім, дәстүрлі өнер мен отандық өнім өндірісін дамыту секілді бастамалар бар. Жобаның басты ерекшелігі – қатысушыларға арнап алдын ала жоба жазу, смета құру және презентация жасау бойынша екі күндік оқыту-тренингінің ұйымдастырылуы.
Грантқа үміткер болу үшін 14-35 жас аралығындағы Қазақстан азаматы болу қажет. Өтінімдер 6 шілдеге дейін қабылданып, жеңімпаздарды марапаттау 12 тамызда Жастар күніне орай өтеді.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?