23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Атырау қаласында су тасқыны орын алған жағдайда эвакуациялық пунктерде тұрғындарға қызмет көрсететін медициналық бригада ұйымдары бекітілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиевтің айтуынша, қазір облыс орталығында 94 эвакопункт дайын тұр.
Бұл эвакопунктердің барлығында медициналық кезекші бригадасы құрылды. Бұдан бөлек, инфекциялық ауруханада қосымша стационарлық 200-ден астам резервтік орын дайындалды. Қажет болған жағдайда модульдік аурухананы жұмылдырамыз. Сондай-ақ, тасқынға байланысты ахуал қиындайтын болса, Атырауға 100-ден астам дәрігерлерді тарту жөнінде шешім қабылданды,-деді басқарма басшысы.
Облыста 52 жедел жәрдем көлігі бар, оның 30-ы қалада және 22-сі аудандар бойынша бөлінген. Одан бөлек басқа медициналық ұйымдар арасында науқастарды тасымалдау үшін резервтік 11 көлік қарастырылды.
Қазіргі уақытта қала бойынша 26 жедел-жәрдем бригадасы жұмыс жасауда. Қажеттілік туындаған жағдайда қосымша 4 бригада қарастырылған.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік