Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАтырауда полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен 5 жігіт әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.
Атырау қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 жігіт көшеде төбелес шығарған.
Атырау қаласындағы №1 қалалық полиция бөліміне жергілікті уақытпен сағат 23:15-те М. Әуезов көшесінің бойындағы көпқабатты тұрғын үйдің алдында белгісіз ер адамдардың төбелескені туралы хабар түсті. Учаскелік полиция инспекторлары оқиға орнына барып, тексеру жүргізді. Сол кезде бұзақылық жасағандар полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбай, қарсылық танытты. Алайда, тәртіп сақшылары қоғамдық орында бұзақылық жасағандарды №1 учаскелік полиция пунктіне жеткізді, - деп хабарлады полиция басқармасы.
Учаскелік полиция инспекторлары 1985, 1986, 1987, 1988 және 1991 жылғы жігіттерге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1, 2-бөлімдерімен 667-бабының 1-бөлімімен әкімшілік хаттама толтырды. Жинақталған іс құжаттары сотқа жолданды. Сот шешімімен кінәлілерге 5 күннен 20 күнге дейін әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары