Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыАтырауда «Татулық» татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен Атырау мұнай және газ университетінің студенттеріне татар-башқұрт халқының ұлттық тағамдарын дайындаудан шеберлік сабағы өткізілді.
Шеберлік сабағын өткізудегі мақсат – жатақхана студенттеріне әр түрлі ұлт өкілдерінің тағамдарын дайындау арқылы ас пісірудің тұрмыстық дағдыларын меңгерту, салауатты өмір салтын ұстануға дағдыландыру.
Атырау мұнай және газ университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Л. Садыкованың айтуынша, жалпы 2018 жылы этномәдени бірлестік төрағаларына университеттің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасынан жатақхана студенттеріне әр түрлі ұлт өкілдерінің ас мәзірін дайындаудан шеберлік сабағын өткізу туралы ұсыныс жасалған болатын. Себебі, жатақханада орналасқан студенттердің барлығы бірдей ас дайындауға мән бере бермейді. Сондықтан ұлттық дәстүрлерді дәріптеуде жастарға әр түрлі ұлттардың ас үйінен дәм татып, тағамдарын өз қолымен әзірлеуге мүмкіндік бар.
Бүгінде осы жоба іске асырылып, шеберлік сабақтарын өткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыКеше, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады