Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАтырау облысында сотталушының орнына қамаудағы басқа адам мерзімінен бұрын бостандыққа шығарылған, деп хабарлайды Ақ жайық басылымына сілтеме жасап El.kz интернет порталы.
Дереккөздердің мәліметінше, екі жазасын өтеушінің фамилиялары ұқсас болған. Босату құжаттарын рәсімдеу кезінде қателікке жол берілген. Түрме басшысы қол қойғаннан кейін қамаудағы басқа адам бостандыққа шыққан.
Алайда қызметкерлер қателікті анықтаған соң ер адам қайтадан түзеу мекемесіне жеткізілді.
Қызметкер жіберген қателіктің салдарынан сотталушыны мерзімінен бұрын босату туралы құжат рәсімделген. Құқықбұзушылық дерегі дер кезінде анықталып, жолы кесілді. Сотталушы қазір түзету мекемесінде. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, қызметтік тексеріс жүргізілуде. Кінәлі лауазымды тұлғалар заңнамаға сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылады, — деп мәлімдеді ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары