7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Атырау облысында ҰҚК Шекара қызметіне шақыру науқаны жалғасып жатыр, деп қабылдайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз брифингінде облыс жастарына әскери жоғары оқу орындарына түсу, келісімшарт негізінде қызметке орналасу тәртібі мен әскери қызметшілерге ұсынылатын әлеуметтік кепілдіктер туралы жан-жақты ақпарат баяндалды.
Бұл тек әскери қызметке қабылдау емес, бұл – болашақ офицерлерді қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам. Жастарға отансүйгіштік рух беріп, шекара қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қызмет ету – үлкен жауапкершілік. Сол себепті іріктеу кезеңі өте мұқият жүргізіледі, – деді майор Дастан Айтқалымов.
Әскери білім алуға үміткерлер ҰҚК Шекара академиясымен қатар Ресей мен Түркияның беделді әскери оқу орындарына түсе алады. Талапкерлерге медициналық, дене даярлығы, психологиялық және кәсіби жарамдылық бойынша кешенді іріктеу өткізіледі. Конкурс нәтижесіне сәйкес үздіктер ғана оқуға қабылданады.
Биылдан бастап жоғары білімі бар азаматтар үшін Шекара академиясында алты айлық курс ашылып, оқу аяқталған соң «лейтенант» шені берілмек. Бұл мүмкіндік, әсіресе, запастағы әскери қызметшілер мен азаматтық мамандық иелері үшін өзекті.
Шекара қызметі – тұрақты жалақы, тұрғын үй төлемі, медициналық қамтамасыз ету және кәсіби даму жолы. Бүгінде ел қауіпсіздігіне өз үлесін қосуға дайын жастар үшін барлық жағдай жасалған,- деді аға лейтенант Зарина Карина.
Сондай-ақ запастағы офицерлер мен 18-34 жас аралығындағы азаматтар келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдана алады. Бұл санаттағы үміткерлерге де толық әлеуметтік пакет қарастырылған. Әскери қызметке орналасу үшін қажетті құжаттар тізімі мен қабылдау тәртібі туралы толық ақпаратты ҰҚК Шекара қызметінің ресми сайтынан алуға болады.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?