13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызЖағалауды нығайту жұмыстары аясында Атырау қаласында 222 шақырым бөгет салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы хабарлады.
Жағалауды нығайту жұмыстары Жайық өзенінің көтерілуіне және Ириклин су қоймасынан су ағынының ұлғаюына байланысты жүргізілуде.
Өткен аптада 113,3 шақырымға бөгет салынды, жүргізіліп жатқан жұмыстар мен бөгеттердің топырағын тығыздау сапасын техникалық қадағалау мамандары мен жол активтерінің Ұлттық сапа орталығының сарапшылары бақылайды. Олардың жалпы саны - 20 мердігер ұйым. Салынып жатқан бөгеттердің тығыздығы бөгет биіктігінің әрбір метрі арқылы арнайы құрылғымен тексеріледі. Техникалық қадағалау органдары тығыздықтың ең төменгі көрсеткіші 14 мегапаскаль болуы керек деп белгіледі. Қазіргі уақытта қала аумағындағы бөгеттердің тығыздығы - 17-20 мегапаскаль.
Бүгінгі таңда Жайық өзені бойындағы жағалауды нығайту жұмыстарына 1600 бірлік техника жұмылдырылды, түрлі мекемелердің 17000-нан астам қызметкері мен еріктілер 170 шақырымға бөгет салды.
Естеріңізге сала кетейік, Атырау облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар бірнеше аптадан бері жүргізіліп келеді. 7 сәуірден бастап өңірде ТЖ режимі жарияланды. Қазгидрометтің болжамы бойынша Атырауда мол су 20-25 сәуір аралығында болады деп күтілуде.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды