6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАтырау қаласының Авангард шағынауданында 2022 жылы 6 желтоқсанда 13 жасар қызды зорламақ болған ер адам ұсталған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аанасы церебральды сал ауруы бар қызын сабаққа апарып, көліктен бірнеше минутқа шығып кеткен. Анасының жоқтығын пайдаланған ер адам көлікті айдап, қызды бірге алып кетті. 2023 жылдың маусым айында Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ер адамға үкім кесті. Ер адам қылмыстық кодекстің екі бабына сәйкес, яғни зорлау әрекеті және автокөлікті айдап әкету бойынша бірден кінәлі деп танылды.
Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, іс жабық сот отырысында қаралды. Сондықтан істің мән-жайлары сот күшімен жарияланбады.
Сотталушының кінәсі кәмелетке толмаған жәбірленушінің және оның заңды өкілінің, куәгерлердің айғақтарымен, оқиға болған жерді тексеру хаттамасымен, сараптама қорытындыларымен толық дәлелденді, – деп хабарланған Атырау облысының сотында.
Айыпталушы өзі кінәсін мойындады. Сот үкімімен ер адам 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі