Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліОблыстық төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, өрт бүгін, 15 тамызда тұтанған.
Бұл туралы хабар департаменттің диспетчерлік пультіне сағат 13:44-те түскен.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер Атырау қаласының Қ.Сәтпаев көшесіндегі тұрғын үйдің 5-қабатындағы пәтердің жанып жатқанын анықтады. Пәтердің 12 шаршы метрлік бөлмесінде үй заттары, жиһаз бен тұрмыстық техника өртенген. Құтқарушылар өртенген пәтер орналасқан кіреберістегі пәтерлерден 14 адамды, оның ішінде 8 бала эвакуацияланды, -деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобынан.
Пәтердегі жалын сағат 14:08-де өрт сөндірілді. Өрттен қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжамға сәйкес өрттің тұтануына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған.
Жалынды сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінен 6 қызметкер мен 2 техникасы жұмылдырылды.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында 159 өрт тіркеліп, 2 адам қаза тапқанын хабарлаған едік.
Облыс аумағында биылғы 7 айда 159 техногендік сипаттағы өрт оқиғасы тіркеліп отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 13,5 пайызға аз. Жалынның салдарынан 11 адам шегіп, былтырғыдан 8,3 пайызға төмендеді. Өкінішке қарай, өрттен 2 адам қаза тапты, - дейді департаменттің аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Б. Қабақов.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс