Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАтырауда ұйымдасып ұрлық жасағандар құрықталды. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
8 қыркүйек күні Атырау облысы Полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде Жылыой ауданының аумағында бағанаға ілінген электр кабельдерін жасырын жымқырып жүрген екі 26 жастағы, 25 жастағы, 24 жастағы аудан тұрғындарын анықтаған.
Сондай-ақ 24 жастағы күдіктінің Газель автокөлігін тінту кезінде 7-8 қыркүйек аралығында жымқырылған шамамен 4 шақырым жоғары вольтты электр желінің кабелі тәркіленген. Күдіктілерді жауаптау барысында жасаған әрекеттерін мойындаған, ұрланған кабельді Ақтөбе қаласында орналасқан темір металл қабылдау орталығына тапсырғандарын көрсеткен, - делінген мәліметте.
Қазіргі уақытта оларға қатысты 16 эпизодты қылмыстық іс басталып, күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар