2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліАтырау облысында су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға көмектесіп жатқан бүлдіршіннің әрекеті көпшілікті сүйсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазір атыраулықтар ағын суға тосқауыл болуы үшін қапшықтарға құм толтырып жатыр. Әлеуметтік желіде кішкентай баланың көмек көрсету үшін құм салынып жатқан қапшықты ұстап тұрған видеосы тарады. Оның үлкендерге құм салу ыңғайлы болуы үшін қапшықты көтеріп, түзеп қойғанын көруге болады.
Желі қолданушылары бүлдіршіннің әрекетіне сүйсініп, ата-анасына разылығын білдіруде.
«Қолың дерт көрмесін, балапан», «Осындай ұрпақ барда қазақ халқы ешқашан өлмейді», «Ғұмырлы бол, болашағың жарқын болсын», «Ата-анасы дұрыс тәрбие бергені көрініп тұр», «Міне, нағыз тәрбие», «Үлкен жүрегінен айналдым», «Көмекші болған түріңнен», - деп жазып жатыр оқырман қауым.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс