22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыАтырау облысында қамыстың арасынан 64 млн теңгенің балығы табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Балық шаруашылығы комитетінің баспасөз қызметі таратқан деректерге сәйкес, «олжа» Жайық өзенінің Каспийге құяр сағасындағы қамыс арасынан анықталған. 62,2 келі бекіре балығымен Балық қорына 64 млн 377 мың теңгенің залалы келгені белгілі болды.
Еліміздің батыс өңіріндегі үш облыстың су айдындарында «Бекіре – 2023» кең ауқымды балық қорғау акциясы өткізіліп жатыр. Аталған акция аясында Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы мен Атырау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Жайық өзенінің Каспий теңізіне құятын сағасында рейд шараларын өткізді. Рейд кезінде Жайық өзенінің жағалауындағы қамыс арасынан 62,2 келі бекіре табылды. Браконьерлер бекірені 3 қапқа салып жасырған, - делінген комитеттің ақпаратында.
Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 339-бабы 1-бөлігінің белгілерімен Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Балық ресурстарына келтірілген залал мөлшері 64 млн 377 мың теңгеге бағаланып отыр.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев