23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Атырауда полиция департаменті 60 адамға іздеу жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Оның ішінде із-түзсіз жоғалған 19 адам мен 41 қылмыскер бар.
Облыстық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының ақпаратына қарағанда, 19 адам із-түзсіз жоғалып кеткен.
Оның ішінде Атырау қаласынан 6, Жылыой ауданынан 3, Мақаттан – 3, Индерден – 3, Құрманғазы, Махамбет және Қызылқоға аударынан бір-бір адамнан бар.
Түркістан облысының бір тұрғынына да іздеу салынған. Индер ауданының бір тұрғыны 2000 жылы із-түзсіз жоғалып кеткен. Ал, Мақат ауданының 51 жастағы тұрғыны Шымкент қаласынан былтырғы 1 маусымда Доссор кентіне келмек болған. Алайда, тұрғылықты мекенжайына жетпеген.
Сондай-ақ, қылмыс жасаған 41 адамға іздеу жарияланып отыр. Қылмыс жасады деген күдікке ілінгендердің дені – ер адам. Арасында екі әйел бар. Оның бірі 1973, екіншісі 1997 жылы туған. Іздеудегі күдіктілердің үлкені – 65 жаста болса, ең жасы – 2001 жылғы жігіт.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік