Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАтырауда алғаш рет пара хоккейден Қазақстан Республикасы құрама командасының ойыны өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, алдағы уақытта пара хоккейден Атыраудың кәсіби клубы құрылуы мүмкін.
Мұз үстіндегі көрме ойынға облыс әкімінің орынбасары Мұрат Мурзиев арнайы қатысты.
Атырау өңіріне үлкен мақсатпен келгендеріңіз үшін алғыс білдіреміз. Біздегі мүмкіндігі шектеулі азаматтардың хоккейге деген қызығушылығын арттырамыз деп келген ниеттеріңізге рахмет! Жалпы облыста пара спорттың түрлері жақсы дамып келеді. Біз оған ризамыз. Енді сіздердің сеп болуларыңызбен пара хоккейден де бір команда құрылып жатса, қолдау білдіреміз. Алдағы жұмыс-жоспарларыңыз бен ойындарыңызға тек сәттілік тілеймін, – деді М.Мурзиев.
Еске сала кетейік, 2021 жылы алғаш рет "Қазақстан пара хоккей федерациясы" Республикалық қоғамдық бірлестігі құрылып, 18 спортшы мен 2 жаттықтырушыдан тұратын жалғыз команда қалыптасты.
Фото: Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары