13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызАтырау қаласында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жалпықалалық сенбілік өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ауқымды шараға 5000-нан астам тұрғын белсене қатысып, қоршаған ортаны қорғау, тазалықты сақтау және болашақ ұрпаққа экологиялық тұрғыдан қолайлы елді мұра ету ісінің маңыздылығы атап өтілді. Шараны Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов ашты, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Сенбілік барысында Жайық өзенінің қос жағалауындағы 14 аумақ және қаланың түрлі аудандары тазартылды. Іс-шараға мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, еріктілер, жастар ұйымдары, үкіметтік емес ұйымдар мен ірі кәсіпорындардың өкілдері қатысты.
Тазалық жұмыстарына 85 арнайы техника жұмылдырылды. Олардың қатарында 10 тиегіш, 45 КамАЗ жүк көлігі және 30 автобус бар. Қатысушылар таңғы сағат 08:00-де Сұлтан Бейбарыс алаңына жиналып, бекітілген учаскелерге жөнелтілді. Нәтижесінде 50 тоннадан астам тұрмыстық қалдық пен 3000 текше метрден астам құрылыс қалдықтары қаладан тыс арнайы полигондарға шығарылды.
Сонымен қатар қаланың сәулеттік келбетіне сай келмейтін ескі және қараусыз қалған ғимараттар бұзылып, айналасындағы аумақтар ретке келтірілді.
Айта кетейік, жыл басынан бері өңірде 95 сенбілік ұйымдастырылып, оған 57 мыңнан астам адам қатысқан. Нәтижесінде 2274 тонна қоқыс жиналып, 37 877 көшет отырғызылды. Экологиялық іс-шаралардың ашықтығын қамтамасыз ету және қоғамдық бақылауды күшейту мақсатында арнайы @TazaQazBot Telegram-боты іске қосылған. Қазіргі уақытта ол арқылы 184 өтініш қабылданып, басым бөлігі орындалған.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды