7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Атырау облысында полиция департаментінің жаңа ғимараты ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновпен бірге өңірлік полиция департаментінің жаңа ғимаратының ашылу рәсіміне қатысты.
Жаңа ғимаратта полицейлердің қызметіне қажетті дүниенің барлығымен қамтылған. Жұмыс кабинеттері керекті жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Мұнда жедел басқару орталығы да жұмыс істейді.
Марат Ахметжанов ЖБО инспекторларына қала мектептерінің бірінде “дабыл түймесі” арқылы тексеріс қоңырауын жасап, тәртіп сақшыларының неше минутта оқиға орнына жететінін көруді тапсырды. Қоңырау жасалған жерге ең жақын орналасқан патрульдік экипаж шақыртуға тез арада ден қойды. Полицейдер екі минутта-ақ мектептің ішінде болды. Олардың әрекеті бейнебақылау камералары арқылы жедел басқару орталығындағы экранға шығарылды. Облыс әкімі мұндай құрылғылармен барлық білім ошақтарын жабдықтау керектігін атап өтті.
Шараның ресми бөлімінен соң ПД бастығы қонақтарды нысанның қалған ғимараттарымен таныстырды. Департамент аумағында жылдам қимылдайтын арнайы жасаққа арналған жеке нысан салынған. Одан бөлек аулада жаттығу алаңы және спорт кешені бар. Мұнда тәртіп сақшылары өздерінің физикалық дайындықтарын шыңдай алады.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?