Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАтырау қаласында ҚР таеквондо (WT) федерациясының негізін қалаушы, халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы Мұстафа Өзтүрік атында көше пайда болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мұстафа Өзтүрік 1954 жылы Түркияның Қайсері қаласына қарасты Мұсаходжалы ауылында дүниеге келген.
Шығыс жекпе-жегімен шұғылданып жүріп, ауыз толтырып айтарлықтай жетістікке жетті. Өзтүрік таеквондодан 6 данды иеленген алғашқы қазақ болады. Сондай-ақ таеквондодан 6 дүркін әлем чемпоны атанады. Кейін Германияның Кельн, Мюнхен және Түркияның Ыстамбұл қаласында таеквондо мектебін ашады. Сонымен қатар Германияда арнайы қарулы күштер мен полицейлерді жауынгерлік өнерге баулыды.
1980 жылы Мұстафа Өзтүрік жаттықтыратын таеквондодан Түркия құрамасы сенсация жасап, әлем чемпионатында екінші орынға ие болады.
Ал 1990 жылдың көктем айында сол кездегі комсомол хатшысы Иманғали Тасмағамбетовтың шақыруы бойынша ол атажұртқа оралады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Алматыда да спорт мектебін ашты.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары