Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАтырауда медбикеге балағат сөз айтқан ер адам 5 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Атырау қалалық полиция басқармасының ақпаратына сәйкес, 42 жастағы ер адам облыстық ауруханаға ем алуға барған.
Атырау қаласында тұратын ер адам ауруханадағы медбикеге дөрекілік танытып, былапыт сөйлеген. Сөйтіп, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын әрекеттерге барған. Аталған дерек бойынша 42 жастағы азаматқа қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды. Жинақталған іс құжаттары Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді, -делінген қалалық полиция басқармасының ақпаратында.
Сот қаулысымен 1981 жылғы азамат ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол 5 тәулікке қамаққа алу түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек