6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерМәжіліс депутаты, "Ауыл" партиясы фракциясының мүшесі Анас Баққожаев Атырау облысына барды. Сапар аясында депутат Махамбет ауданының ауыл шаруашылығы мамандарымен және шаруалармен кездесті, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Анас Баққожаев көктемгі су тасқынынан кейінгі Махамбет ауданы тұрғындарының үйлері мен шаруашылықтарының жай-күйімен танысты. Депутат зардап шеккен азаматтардың сұрақтарын тыңдап, қалпына келтіру жұмыстарына барынша көмек көрсетілетінін атап өтті. Одан әрі Анас Баққожаев "Ауыл" партиясына мүше 29 адам жұмыс істейтін "Махамбет орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі" КММ-де болып, ұжым қызметкерлерімен кездесіп, қазіргі тыныс-тіршілігін біліп қайтты.
Кездесу аясында депутат "Ауыл" партиясының Атырау облыстық филиалының бастамасымен осы мекемеде құрылған бастауыш ұйымның жиналысына қатысты.
Президенттің бастамасымен орман шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы өсті. Басқа мәселелерді шешуге де қаржы қарастырылды. Жұмыстарыңыз өз деңгейінде бағаланып, барлық қажетті техникамен, өрт сөндіру депосымен қамтамасыз етілді. Енді сіздерден сапалы жұмыс күтеміз, - деді Анас Баққожаев.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі