23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Атырау облысында мәдениет үйінің есепшісі 13 млн теңгені заңсыз өзіне аударып алған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Атырау облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Рүстем Түсіпбергеннің айтуынша, бірнеше мекемеде жүргізілген жоспардан тыс тексерудің нәтижесінде өрескел қаржылық заң бұзушылық анықталған.
«Жылыой ауданында №2 жалпы орта білім беретін мектептің директоры жұмыс істемеген екі адамға үш жылдан бері жалпы сомасы 5 млн теңгеден астам қаржыны жалақыға аударып келген. Осылайша, білім ордасының басшысы еңбек және бюджет кодекстерінің талаптарына қайшы әрекетке барған. Аудит қорытындысымен мақсатсыз жұмсалған қаржы толықтай қайтарылды», - дейді Рүстем Түсіпберген.
Оның айтуынша, қаржыны мақсатсыз жұмсау Құрманғазы ауданындағы Шортанбай ауылдық мәдениет үйінде де анықталып отыр.
«Мәдениет ошағының есепшісі өзінің банктегі карта шотына 13 млн теңгеден астам қаржыны заңсыз аударған. Осы кезге дейін 5 млн 650 мың теңге кері қайтарылды. Есепшіге қатысты сот процесі әлі жалғасып жатыр», - деп мәлім етті Рүстем Түсіпберген.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік