Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек15-16 тамыз күндері Құрманғазы ауданының Теңіз ауылында «LOTUSFEST-2026» фестивалі өтеді.
Былтыр алғаш рет ұйымдастырылған фестивальге 5 мыңға жуық турист келген. Биыл олардың саны екі есеге артып, 10 мыңға жуық қонақтың қатысуы күтілуде.
Екі күнге жоспарланған фестиваль аясында эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттер ұйымдастырылып, спорттық жарыстар мен түрлі ойын-сауық бағдарламалары өтеді.
Фестивальдің алғашқы күнінде облыстық туристік жарыс ұйымдастырылады. Қатысушылар фестиваль аумағында түнеп, келесі күнгі бағдарламаға қатысады.
15 тамызда «LOTUS FLOTILLA» қайықтар шеруі өтіп, «LotusRUN» марафоны ұйымдастырылады. Марафоншылар Жамбыл ауылынан фестиваль өтетін аумаққа дейін жүгіреді. Одан кейін фестивальдің ресми ашылу салтанаты өтеді.
Ашылу бағдарламасында театрландырылған композиция, этно-фольклорлық және хореографиялық ұжымдар мен қазақ эстрадасының әншісі Қуандық Рахым өнер көрсетеді.
Ал кешкі гала-концертте «MELOMEN» тобы, BYTANAT, АЛХАМ, TURAR және Н. Жантөрин атындағы облыстық филармония өнерпаздарының қатысуымен гала-концерт өтеді.
Фестивальдің екінші күнінде де мерекелік бағдарлама жалғасады. Онда Еркебұлан Құмар, Ғаділбек Жанай, НҰРЛАН мен МҰРАТ және «Заман» тобының өнерін тамашалауға болады, - деді Теңіз ауылының әкімі Мұрадым Мұзафар.
Фестиваль аумағында фотозоналар, балаларға арналған ойын алаңы, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі, сауда павильондары мен фуд-корт жұмыс істейді. Қонақтар қайықпен серуендеп, табиғат аясында демала алады.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?