Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАтыраулық полицейлер 16 қабаттан секіргелі тұрған ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.
6 мамыр күні сағат 3:06 шамасында 102 арнасына Алмагүл мөлтек ауданы бойындағы көпқабатты үйдің 16 қабатынан белгісіз ер азаматтың секіргелі тұрғаны жөнінде хабарлама келіп түскен.
Оқиға орнына Атырау қалалық ПБ-ның патрульдік полиция батальонының взвод командирі Данабек Сақуов және қызмет инспекторлары Айдос Кубиев пен Серік Жолдығалиұлы дереу жетіп тез арада жоғары қабатқа көтерілген.
Оларды байқаған ер адам оған жақындамауын ескертіп, айқайлай бастаған. Жағдайды бағдарлай отырып, полицейлер ер адаммен диалог құруға тырысып, ығайлы сәтті күтіп, шапшаң қимылдап оның арқасынан ұстап, балконның ішіне тартып кіргізген.
Қазір 23 жастағы ер азаматтың мұндай іс-әрекетке не үшін барғаны анықталып жатыр. Психологтармен бірлесіп онымен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар