13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызАтырау облысында жыл басынан бері 300-ден астам киберқылмыс тіркелді. Олардың басым бөлігі интернеттегі алаяқтықпен байланысты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, алаяқтар көбіне WhatsApp, Instagram, Telegram, Facebook желілерін және шетелдік нөмірлер мен фейк аккаунттарды пайдаланады. Жыл басынан бері 50-ге жуық күдікті ұсталып, 133 іс сотқа жолданды. Қалған деректер бойынша тергеу амалдары жалғасуда.
Атырау облысында тіркелген киберқылмыстардың басым бөлігі интернет-дүкендер арқылы жалған тауар сату, өзін банк қызметкері ретінде таныстырып алдау және фишингтік сілтемелер арқылы жеке деректерді ұрлау тәсілдерімен жасалып отыр. “Кибербақылау” платформасымен 2000-нан астам фишингтік сайт анықталып, бұғатталды. Байланыс операторларымен бірге жалған нөмірлер мен алаяқтық қоңырауларды анықтау, тұрғындарға SMS арқылы ескерту хабарламаларын тарату жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Азаматтарды киберқауіпсіздік ережелерін сақтауға және күмәнді жағдай туындағанда 102-ге хабарласуға шақырамыз,-деді Атырау облысы ПД жедел уәкілі Расул Жолдас.
Сонымен қатар облыста мектептер мен колледждерде киберқауіпсіздік бойынша арнайы лекциялар өткізіліп, 20 мыңнан астам тұрғынды қамтыған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілген.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды