Кеше, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?Атырау қаласында «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен «День чеченской матери» мерекесі өтті.
Бұл мереке Шешенстан Республикасында қыркүйек айының үшінші жексенбісінде аталып өтеді. Жыл сайын аталып өтетін мерекенің маңыздылығы Кавказ соғысы кезінде қаза тапқан 46 шешен қызын еске алуға негізделген.
Шешен халқының тарихында өз елінің бостандығы мен тәуелсіздігі үшін шайқасқан шешен-әйелдер де аз болған жоқ. Кавказ соғысы жылдарында Гехи шешен елді мекенінен Майлин Таймасх есімді жас қыз 10 жыл бойы патша әскерлеріне қарсы соғысқан. Әскери істі жақсы білетін және өзінің батылдығымен танымал болған шешен қызды тұтқынға алған кезде Император одан: «Егер мен сені бостандыққа жіберетін болсам, онда соғысты тоқтатасың ба?» дегенде, қолбасшы қыз оның көзіне қарап: - Соғысты сен бастадың. Егер соғысты тоқтатсаңыз, мен қарсылықты тоқтатамын, - деп, ақылымен және сұлулығымен таңқалдырған екен.
Осы батыл әйел туралы баяндайтын құжаттар Тбилиси қаласының мемлекеттік тарихи мұрағатында сақталған.
Шара барысында шешен халқының әндері орындалып, «Татулық» татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің, «Иверия» грузин этномәдени бірлестігінің, «Довира» украин этномәдени бірлестігінің, «Светоч» славян этномәдени бірлестігінің мүшелері өз өнерлерін ортаға салды.
Кеше, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?14 Шілде, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд