Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАтырауда өрт сөндірушілер май қалдықтарынан шыққан өртті ауыздықтады, деп хабарлайды El.kz облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
19 қаңтар күні сағат 15:19-да Атырау қаласы, З.Қабдолов көшесі мекенжайындағы мекемелердің бірінде орналасқан резервуарлар жанында түтін шыққаны туралы хабарлама түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен соң «Petro Export» ЖШС-нің ауласында (әрқайсысы 400 текше метр) 2 резервуарда және шамамен 64 шаршы метр көлеміндегі жапсарлас бөлігінде май қалдықтарының жанғанын анықтады, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.
Өртті сөндіруге облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мен«Семсер Өрт сөндіруші» ЖШС-нан 19 қызметкер мен 6 бірлік техника жұмылдырылды.
Өрт сағат 16:38-де оқшауланып, сағат 17:41-де сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жаудың шығу себептері анықталып жатыр.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек