23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Атырау облысында кәріз құдығына құлаған 2 жұмысшы көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға бүгін, 13 шілдеде Жылыой ауданындағы Жаңа Қаратон кентінде болған. Бұл деректі «Жылыой Су» мекемесі растады.
Бүгін Жылыой ауданында жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде «Жылыой Су» мекемесінің 2 жұмысшысы кәріз құдығында қаза тапты. Атырау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы осы жағдайды тексеру бойынша арнайы комиссия құрды, - деп хабарлады коммуналдық мекемеден.
Жылыой аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Нариман Өтешовтің айтуынша, жұмысшылардың құдыққа құлағаны туралы хабар 9:42-де түскен. Хабарды Жаңа Қаратон кентінің тұрғындары берген.
Кәріз құдығының тереңдігі - шамамен 7-8 метр. Екі жұмысшы жөндеу жүргізу кезінде құдыққа құлап кеткен. Жөндеу жұмысына негізінен 5 адамнан тұратын бригада тартылған.
«Жылыой Су» мекемесі қаза тапқан жұмысшылардың отбасына материалдық көмек көрсетеді.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік