Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАтырауда кәріз коллекторындағы ақаудан бір шағын аудан сусыз қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Атырау қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Балықшы шағын ауданындағы кәріз коллекторында ақау анықталған.
Балықшы шағын ауданында кәріз коллекторында ақау шықты. Осыған байланысты аталған шағын ауданда 20 шілдеге қараған түні сағат 00:00-ден таңғы сағат 06:00-ге дейін су беру уақытша тоқтатылады, -деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
Ал, Атырау облысының энергетикалық кешені баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 20 шілдеде Балықшы ауданында электр жарығын ажырату жоспарланып отыр.
Жергілікті уақытпен сағат 08:00-19:00 аралығында «Атырау облысы Су Арнасы» КМК қызметкерлерінің Балықшы ықшам ауданында апатты қалыпқа келтіру жұмыстары кезінде Қожақаев көшесінде орналасқан №21, Бейбітшілік көшесінің №62 мекенжайдағы көппәтерлі үйде электр жарығы уақытша болмайтынын қаперге береміз, -деп мәлім етті энергетикалық кешеннің баспасөз қызметі.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары