Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАтырауда шығыс күнтізбесі бойынша кәріс халқының Жаңа жылдық «Сольналь» мерекесі аталып өтті.
«Сольналь» - кәріс халқының ұлттық отбасылық мерекесі. Бұл күн жыл басы болып табылады. Жыл қалай басталса, солай болады деп болжаған кәрістер.
Кореяда бұл мереке үш күн тойланады екен. Сондықтан бұл мерекені қызу да салтанатты түрде өткізуге тырысады.
«Сэбэ» дәстүрі бойынша кәріс халқының жас өкілдері үлкендерге иіліп амандасып, ізет көрсетеді. Мерекелік дастархан жайылып, ұлттық тағамдарын ұсынады.
Сенбілік демалыста өткен мерекелік шарада «Тхоньиль» кәріс этномәдени бірлестігінің төрайымы Людмила Ли барша атыраулықтарды ерекше мерекемен құттықтап, «Жаңа жылымыз жақсы жаңалықтар мен қайырымды істерге толы жыл болсын» деген жүрекжарды лебізін білдірді.
Cондай-ақ, «Самульнори» барабаншылар ансамблі, «Со Куан» би ұжымы, корей орталығының мақтанышына айналған «Тхоньиль», жас шамасы 70-80 жас аралығын қамтитын «Саранг» хор ұжымы өз өнерлерін көрсетіп, концерттік бағдарлама ұсынды.
Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыКеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек