Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсАтырауда бес күн бұрын үйінен шығып, белгісіз бағытта кеткен 16 жастағы жергілікті тұрғын Әсемай Қазбекова өлі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2007 жылы туған қыздың жоғалып кеткені туралы 6 сәуірде белгілі болған еді.
10 сәуірде кешке Әсемай көпірден секіріп, суицид жасағаны анықталды. Бұл туралы іздеу жұмыстарына қатысқан ерікті Сандуғаш Кукенова Facebook-парақшасында хабарлады.
"Бейнебақылау камерасына Әсемайдың көпірге шығып бара жатқан сәті түсіп қалған. Ары қарай не болғанын біле алмадық. Жеке тұрғын үйде тұрған камерадан көреміз бе деп ойладық, алайда үй иесі бірнеше күн бойы үйінде болмады. Бүгін ол үйіне келген кезде қыздың әкесі камераға түсіп қалған видеоны көрді. Өкінішке қарай, ол жерде Әсемайдың көпірден секірген сәті видеоға түсіп қалған", - дейді ерікті.
Бұған дейін мәслихат депутаты Надежда Шильман Facebook-парақшасында Әсемай соңғы рет суретке түсіп, "Қош болыңдар" деп жазба қалдырғанын айтқан болатын.
Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды