Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАтырау облысында жыл басынан бері интернеттегі алаяқтық қылмыстың 409 дерегі тіркелген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, алаяқтарға алданатындар қатары көбейген.
Биыл жыл басынан бері Атырау облысында 409 интернет-алаяқтық қылмысы тіркелді. Оның ішінде интернет арқылы тауар алу, қызмет көрсету түрлеріне алдын-ала төлем жасауға байланысты 314 дерек бар. Ал, жалған сілтемелер арқылы ақша қаражатын жымқырған 8, онлайн несие рәсімдеуге қатысты 39, өзгенің атына жалған аккаунттар ашқан 6 дерек анықталып отыр, - делінген ведомство таратқан мәліметте.
Полиция қызметкерлерінің талдауына сәйкес, интернет-алаяқтық қылмысына 30-50 жастағы тұрғындар алданғаны белгіліі болды. Әсіресе әйелдер күмәнді интернет-дүкендерден тауар сатып алған. Ал, ер адамдардың басым бөлігі kolesa.kz және өзге де интернет ресурстардағы көлік құралдары мен бөлшектерін сататын жалған хабарландыруларға алданған.
Алаяқтар өзін полиция қызметкері ретінде құрбандарына телефон шалады. Жақын туысы, не баласы жол-көлік оқиғасына тап болғаны, басқа да заңсыз әрекеттерді жасағаны туралы хабарлап, ақша сұрауы мүмкін. Мұндай жағдайда 102 операторы арқылы ақпараттың шынайылығын тексеру керек. Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде жарияланған тауарлар жарнамасын мұқият тексерген жөн. Тауарлар үшін алдын ала төлем жасамаған жөн, - дейді департаменттің баспасөз қызметі.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?