Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсАтырауда ұлттық компанияның магистральды газ құбырын ұрлаған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қылмыстық топ мүшелері 21 сәуірде ұсталған.
Қылмыстық топ Атырау облысындағы «Индер-Махамбет» магистральды газ құбырын ұрлап келген. Прокуратураның үйлестіруімен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «ҚазТранГазАймақ» АҚ-ның қорына ірі мөлшерде залал келтіруге байланысты қылмыстық істерді тергеу кезінде үш күдіктіні ұстады. Қазір 1978, 1984 және 1988 жылғы күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 4-бөлігінде көзделген бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде ұрлау дерегі бойынша жүргізіліп жатыр.
Өзге ақпарат тергеудің құпиялығын қамтамасыз ету мақсатында Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.
Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды