Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс
Атырауда Қазақстан халқы ассамблеясы журналистика саласында «Шаңырақ» шығармашылық конкурсының облыстық кезеңін марапаттау шарасын өткізді.
Конкурсқа барлығы 20 журналистен ұсыныс түсіп, оның ішінен жұмыстарды бағалау жөніндегі комиссияның шешімі бойынша 6 адамның еңбегі іріктеліп алынды.
«Он номинация бойынша сараланған жұмыстар ішінен байқауға қатысушы Баян Жанұзақова, Абат Кенжеғали, Жанат Шаяхметова және Динара Қанбетованың мақалалары жазылу стиліндегі әдістері мен қағидаларына қарай жүйелі әрі нақты, тақырыптары «Шаңырақ» шығармашылық конкурсының ережесіне сай, өте жақсы, мазмұнды жазылған.
Сондай-ақ, телеарна журналистерінің жұмыстарынан Гүлбану Ғарифоллаева «Бірлігіміз жарасқан» ақпараттық-танымдық бағдарламалары арқылы Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметі бойынша сапалы түсірілімдер жинақтаған.
Гүлфани Ерсайынова өзінің дайындаған бағдарламаларында әр түрлі тақырыпты жүйелі қамтыған. Айта кетсек, кәсіпкерлікті дамыту бойынша, сондай-ақ, қазіргі кезде өзекті мәселелердің бірі - ауыл тұрмысының жағдайын жақсы жеткізген» деп комиссия мүшелері өз ой-пікірлерін білдірді.
Қорытындысында облыстық «Атырау» газетінің тілшісі, әдеби редактор Баян Жанұзақова мен «Қазақстан» РТРК АОФ редакторы Гүлфәни Ерсайынова 100 000 теңгеден сыйақы мөлшерімен І орынды, Атырау қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі, журналист Абат Кенжеғали мен облыстық «Прикаспийская коммуна» газетінің тілшісі Жанат Шаяхметова 75 000 теңгеден сыйақы мөлшерімен ІІ орынды және облыстық «Прикаспийская коммуна» газетінің тілшісі Динара Қанбетова мен «Қазақстан» РТРК АОФ редакторы Гүлбану Ғарифоллаева 50000 теңгеден сыйақы мөлшерімен ІІІ орынды қанжығасына байлады.
Сонымен қатар, байқауда белсенділік танытқан 12 қатысушы Алғыс хаттар мен сыйлықтармен марапатталды. Облыстық жеңімпаз 6 жұмыс республикалық турға қатысуға елордаға жөнелтілді.
Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды