Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс
Атыраудағы Достық үйінде «Қоғамдық келісімнің» ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» жобасы аясында этномәдени бірлестіктердің «Сағындырған әндер-ай», «Достық дастарханы», «Kazakh Party», «Қымызмұрындық», «Бауырсақ-Party» ретро-фестивалі өтті.
Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, іс-шара барысында көп ұлттың басын біріктірген қазақ халқының қонақжайлығы, достық, бауырмалдық қасиетін паш ету, өзге ұлттармен ынтымақтастықты тереңдету жолдары таныстырылды.
Достық үйінде құрылған киіз үйде қазақ халқының түрлі тағамдары әзірленіп, қазан-ошақта ыстық бауырсақ пісірілді.
Этномәдени бірлестік мүшелері мен өнерпаздардың дайындаған концерті барысында Шәмшінің әндерін шырқалып, домбырашылар қазақтың күй, термелерін орындап, сағынышқа айналған сырлы әндер әуеленді.
«Довира» украин этномәдени бірлестігі, орыс, славян, казактар қауымдастығының облыстық филиалы, «Былина» орыс этномәдени бірлестігі, «Тхоньиль» кәріс этномәдени бірлестігі, «Татулык» «татар және башқұрт этномәдени бірлестігінің өнерпаздары да өз өнерлерімен кештің сәнін аша түсті.
Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды