Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАтырауда есірткі тасымалдаған 30 жастағы күдікті қамауға алынды. Күдіктіден есірткі мен тапанша тәркіленді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, есірткі тасымалдаған күдікті 8 мамыр күні сағат 16:40 шамасында ұсталған.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Атырау қаласындағы көшелердің бірінде есірткі тасымалдаумен айналысқан 1993 жылғы тұрғынды ұстады. Күдіктіден 4 дана политилен пакетке оралған синтетикалық есірткіге ұқсас ұнтақ пен тапанша тәркіленді. Оның тұрақты мекен-жайын тінту кезінде политилен пакетке салынған ұнтақ пен ас үйінен кептірілген есірткі тектес өсімдік табылды. Тәркіленген айғақ заттарға сараптама тағайындалды, -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір ұсталған күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті қамауға алынды.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар