23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Атырауда полиция есірткіге мас күйде есірткі таратпақ болған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Атырауда Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора» жедел профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында есірткі заттарын таратумен айналысқан күдіктіні қылмыс үстінде ұстады.
Тінту барысында одан 60-қа жуық доза марихуана тәркіленді. Медициналық сараптамадан өткізу кезінде күдіктінің есірткіге мас күйде екені белгілі болды. Аталған дерек бойынша 45 жастағы күдіктіге қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, - делінген мәліметте.
Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік