Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАтырауда өзге облыс тұрғынынан 30 млн теңгенің есірткісі тәркіленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz мәліметінше, Атырау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде үйінің ішінде есірткі заттарын таратумен айналысқан 30 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғынын ұстады.
Күдіктіні тінту барысында жалпы құны 30 миллион теңге болатын 500-ден астам доза альфа-PVP синтетикалық есірткісі тәркіленді. Ұсталған азамат бір дозаны 60 мың теңгеге сатуды жоспарлағанын айтты. Тергеу барысында күдіктінің Атырау қаласына Telegram әлеуметтік желісі арқылы синтетикалық есірткі заттарын өткізу және сатып алумен айналысатын интернет дүкенге жұмысқа орналасу мақсатында келгені анықталды, - делінген мәліметте.
Қазіргі уақытта тергеу сотының үкімімен күдіктіні 2 айға қамауға алуға санкция беріліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары