Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАтырауда туған әкесі өз егіз балаларына зорлық көрсеткені анықталды. Күйеуінің әрекеттерінен күмәнданған әйел бірден полицияға жүгінген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әйелдің айтуынша, күйеуінің жаман әдеттерін кеш байқаған.
Алғаш танысқан кезде күйеуім ішімдік те, темекі де пайдаланбайтынын айтқан еді. Бірақ балаларымыз тоғыз айлық болғанда, оның есірткі қолданатынын білдім. Полицияға арыз бергенімде, егіздерім үш жасқа толған еді. Күйеуім мені жұмысқа шығарып, өзі декреттік демалыста қалды. Осыдан кейін балалардың мінез-құлқы өзгеріп, тұйық бола бастады. Балабақша тәрбиешілері де олардың жағдайына алаңдап, байланысқа шықты, – дейді жәбірленуші әйел.
Әйел тәрбиешіден балалардың бір нәрседен қорқатынын, ұйықтағанда бір-бірінің қолынан қатты ұстап жатататынын естіген.
Алғашында мені сағынатын шығар деп ойладым. Бірақ кейін олардың денесіндегі көгерген іздерді байқап, күдіктене бастадым, – деп еске алады анасы.
2023 жылдың 20 қарашасында полицияға арыз жазғанымен, бір жылдан бері күдікті ұсталмаған.
Сараптама жасату үшін проктологты өзім табуым керек деді. Көмек сұрағанымда, түрлі инстанцияларға жіберді. Дәрігер балаларымда зақым бар екенін айтып, ұлымның дефекацияны бақылай алмайтынын жеткізді, – дейді ол.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс бір жылдан бері тергеліп жатыр.
ҚР Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізу қолға алынды. Тергеу кезінде бірнеше сараптама берілген. Қазір комиссиялық сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сараптаманың нәтижесіне сәйкес процессуалдық шешім шығарылатын болады, – деп мәлім етті Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?